Батыс Қазақстан облысыҚылмыс/Оқиға

Теңіз кенішінде 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

0
(0)

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті.

Басылым мәліметінше, оқиға кеше, 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде орын алған.

«Бүгін «ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды», – деді ССЕР компаниясының өкілі Орақ Бисембиев.

Тілсіз жаузды ауыздықтауға «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техниканың жұмылдырылғаны белгілі болды. Қызыл жалын жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық сөндірілді. Ведомство өкілінің сөзінше, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button