Оқиға 24 желтоқсанда Жайық өзенінде болған. Мұз астына түсіп кеткен 18 жастағы жігіттің досы оның су астына кетіп бара жатқанын көріп, көмекке асыққан – деп хабарлайды ATPress.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Оқиғаға куә болған тұрғындар құтқарушылар шақырған. Бақытымызға орай, екі жігіттің өздері өзеннің арғы бетіне өздері жүзіп шыққан.
Атырау қалалық полиция басқармасының №86 стационарлық бекетінің қызметкерлері суға батып кетуге сәл қалған жігіттерге алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған.
Осы орайда, Атырау облысының полицейлері мұз үстімен жүру қаупі туралы тағы да ескертеді.
«Патрульдік-күзет қызметінің тәулік бойғы стационарлық бекеттері құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Мақсаты — полиция қызметкерлерінің халық көп жиналатын қоғамдық орындарда және криминогендік учаскелерде, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін аумақтарда тұрақты болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіптің жай-күйін тікелей бақылау және азаматтардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдауды ұйымдастыру», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
