Атырауда дәмханалар жұмысына рұқсат берілуі мүмкін

 301 

Атырауда 25 мамырда мейрамхана мен дәмханалар жұмысына рұқсат берілуі мүмкін, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтың айтуынша, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде мейрамханалар мен дәмханалар қызметіне рұқсат берудің 5 түрлі талабын айтты.

«Біріншіден, тамақтану орындарында қызметкерлер мен келушілердің арақашықтығы сақталуы тиіс.

Екіншіден, мейрамханалар мен кафелерде желдету жүйесі жақсы күйде болуы шарт. Міндетті түрде ғимарат ішін желдетіп, ауасын тазартып тұру керек.

Үшіншіден, тамақтану орындарында тұрақты бактерицидтік шамдар орнатылуы тиіс. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.

Төртіншіден, мейрамханалар мен кафелердің кіре берісіне дезинфекциялық тосқауылдар (кілемшелер) қойылуы керек.

Бесіншіден, үстелдердің орналасуы біркелкі болғаны жөн, олардың арасы 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс» -деп мәлім етті Темірбек Мұсағалиев.

Оның айтуынша, сондай-ақ, ғимарат ішінде санитарлық және дезинфекция жұмыстарды уақытылы жүргізіп, қызметкерлерге санитайзер мен медициналық маскаларды қолдану міндетті болып саналады.

 

Бөлісу:


Және де: