Атырау облысы

Атырау облысында жарымжан балаларды қинаған

Анықталғандай жантүршігерлік кадрды арнайы әлеуметтік мекеменің бұрынғы қызметкері түсірген.

Атыраудағы арнайы орталық қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың аяқ-қолын байлап, қысым көрсетіп жатқан видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Анықталғандай жантүршігерлік кадрды арнайы әлеуметтік мекеменің бұрынғы қызметкері түсірген. Ол өзінің әріптестері мен орталықтың атына арыз жазып, әкімдікке шағымданыпты. Оның айтуынша күтушілер  жарымжан балаларға қажетті көмек көрсетпейді.  Балаларға мерзімі өтіп кеткен тағамдарды беріп, қараусыз қалдырып, тіпті қол-аяқтарын байлап тастаған. Оларды  келемеждеп, балағаттайтын көрінеді.  Мемлекет тарапынан орталыққа қырауар қаржы бөлінгенімен, одан балаларға ештеңе тимейді, дейді. Осы іске байланысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

«Аталған факті бойынша 2021 жылдың 31 шілдесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда, қылмысқа күдікті екі тәрбиеші короновирустық инфекция жұқтыруына байланысты ем қабылдауда. Ал, интернаттағы балалардың денесінен дене жарақаттары анықталған жоқ».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.