Теңізде» 384 адам вирус жұқтырған: Ералы Тоғжанов Атырау өңіріне барды

 123 

Асқар Маминнің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Жұмыс сапары барысында вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, «Теңіз» кенішіндегі жұмысшыларды шығару мен Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру мәселелеріне қатысты кеңес өткізді

 

Премьер-министрдің орынбасары елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі 2-3% деңгейінде екенін және көрсеткіштің төмендеуі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған нақты шаралардың нәтижесі екенін атап өтті.    Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақты емес. Қазіргі кезде өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 458 адам тіркелген. Олардың 127-сі емделіп шығыпы. Ал «Теңіз» кенішінің 384 жұмысшысынан аталған вирус анықталған. Бұл азаматтар 20 жатақханада тұратын 33 мекеменің қызметкерлері.  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, «Теңіз» кенішінде карантиндік талаптар жеткілікті деңгейде сақталмай отыр. Сондықтан, ол «Теңізшевройл» компаниясының мердігер және субмердігер компаниялары басшыларының жауапкершілігін арттыруға шақырды.

Бөлісу: