Атырау облысыҚылмыс/Оқиға

Атырауда ер адам анасын ұрған

4.2
(5)

Атырауда ер адам анасын ұрып, он күнге  қамалды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 46 жастағы ер адам ішкілікке салынған.

Егде жастағы әйелден «102» операторына баласының мас күйінде отбасылық жанжал шығарғаны туралы хабар түсті. Ішкілікке салынған ер адам үйінің терезесін сындырып, анасын ұрып-соққан. Ер адам ішімдік ішуін тоқтатпаған. Егде жастағы анасымен бірнеше рет жанжалдасқан. Анасына психологиялық және физикалық жәбір көрсеткен» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Учаскелік полиция инспекторы анасын ұрған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 2-бөлігімен (Ұрып соғу) әкімшілік хаттама толтырған. Мамандандырылған қалалық соттың шешімімен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button