Атырау облысыҚылмыс/Оқиға

Атыраулық полицей мұзға түсіп кеткен екі адамды құтқарды

5
(1)

Атыраулық полицей мұзға түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарып алды, – деп хабарлайды newsroom.kz  тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Атырау қаласында 11 наурыз күні сағат 20:00 шамасында Балықшы ықшам ауданынан шыққан 15 жастағы екі жасөспірім мұзға түсіп кеткен. Балалардың көмек шақырған даусын естіген полицей Асқар Кабдуллаев дереу балаларды құтқаруға кіріскен. Мұздай судан әлсіреген балалардың өз күштерімен судан шығуға шамасы келмеген. Екі жасөспірімді де судан аман алып шыққан соң, Асқар Кабдуллаев балаларды жақын жердегі өз үйіне апарып, денелерін жылытып, жедел-жәрдем қызметкерлерін шақыртқан.

Құтқарылған балалардың есімдері Владимир және Данил, бірі колледж студенті болса, екіншісі 8-сынып оқушысы. Балалар мен олардың ата-аналары тілсіз жаудан өмірлеріне араша болған полицейге алғыстарын білдіруде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button