Мұнай бағасы: Атырау облысының бюджетіне 59 млрд теңге түспеуі мүмкін

 173 

Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты Атырау облысының бюджетіне 59 млрд теңге түспеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған newsroom.kz.

Атырау облыстық кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Сағынаевтың мәліметінше, биылғы төрт айда ел бюджетіне аударылған түсім 448 млрд теңгені құраған. Сөйтіп, жоспардағыдан 15,8 млрд теңге артық түсім түскен.

«Ал, жергілікті бюджетке түсімнің өсім көлемі 33,4 млрд теңгеге жетті. Жыл басынан бері жергілікті бюджетке түскен түсім 134,8 млрд теңгені құрады» -деді Ерлан Сағынаев.

Мұнайлы өңір бюджетінің негізгі бөлігін мұнай-газ секторы құрайды. Қазіргі шикізат бағасының түсуі бюджет түсімдерінің кемуіне әсер етеді. Соның салдарынан бюджетке 59 млрд теңге түспеуі мүмкін. Дегенмен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетті 1 млрд теңгеге дейін ұлғайту мүмкін болып отыр.

Фото: kapital.kz

Бөлісу: