Атырау облысыҚылмыс/Оқиға

Тандайдағы мұғалімнің ісі: Мектепке оралғанына және балаларымызды оқытқанына қарсымыз

0
(0)

Сарайында қайтыс болған ағасының денесін ұзақ уақыт бойы жасырған Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылының мұғаліміне қатысты іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  «Ақ Жайық»-қа сілтеме жасап.

Еске салайық, биыл қаңтарда Таңдай ауылында 82 жастағы тұрғын Сағынғали Ақберлиевтің мәйіті табылған болатын. Ер адам қарындасымен бірге тұрған, ол мектепте мұғалім.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, соңғы уақыттары ер адамды ешкім көрмеген, сөйтіп оның туыстары алаңдай бастаған. Артынша әйел адам бірнеше ай бойы ағасының мәйітін үйдің сарайында жасырғаны анықталды. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Әлеуметтік желіде әйел адам ағасын былтыр жазда өлтіріп, артынша мәйітін бөлшектеп, үлкен сөмкеге жасырып қойғаны туралы ақпарат тарады. Тергеу уақытында әйел жұмыстан босатылды.

Алайда зейнеткерді біреу өлтіргені расталмады. Сараптама ер адам өзі қайтыс болғанын көрсеткен.

«Іс тоқтатылғанын білеміз. Оның жұмысқа қайта келуіне байланысты – біз аудандық прокуратурадан жауап күтеміз. Бұған қатысты басқа ештеңе айта алмаймыз», – деді Ахмедияров атындағы орта мектеп директоры Серік Қойбақов.

Алайда ата-аналар мұғалімнің мектепте жұмыс істеуіне қарсы. 206 адам Бақсай ауылдық округіне, аудан прокурорына, облыстық білім басқармасы мен Nur Otan бөлімшесіне өтініш жазған.

«Оның ағасының мәйітін неліктен талай уақыт жасырып, оны көрмегенін айтқаны түсініксіз. Ондай адам мектепке оралғанына және балаларымызды оқытқанына қарсымыз. Егер жергілікті билік өтінішімізді қарастырмаса, президент пен білім министріне жүгінеміз. Егер ол жұмысын жалғастырса, кейбір ата-ана баласын мектепке апармауға дайын», – делінген ауыл тұрғындарының өтінішінде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button