Нұр-Сұлтан қаласы

Елордада ер адам өзін аңшы мылтығымен атып жіберді

0
(0)

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Newsroom+ ақпараттық агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

 

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 26 мамыр күні «102» пультіне тұрғын үйдің кіреберісіндегі баспалдақта жатқан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнын қарау барысында сол үйде тұратын 47 жастағы тұрғын аңшы мылтығынан өз-өзіне оқ атқаны анықталған. Ер адамның мобильдік телефонын қарау барысында өлер алдында жазып кеткен хабарламасы табылған. Қаза тапқан азаматтың 2019 жылдан бері ажырасқаны және соңғы уақытта жалғыз тұрғандығы белгілі болды.

Оның атына тіркелген «САЙГА-М2» маркалы аңшы мылтығы болған. Елордалық полиция департаменті мәліметінше, кылмыстық іс аясында қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close