Отбасы банкі елорда жастарын жақсы жаңалықпен қуантпақ
«Отбасы банкі» Instagram желісіндегі ресми парақшасында Нұр-Сұлтан жастарына қатысты жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
«Құрметті елорданың жас мамандары. Сіздер үшін жақсы жаңалық. «Отбасы Банкі» АҚ мен «Нұр-Сұлтан» әкімдігі арасында «Елорда жастары» жаңа бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру туралы келісім жасау жоспарлануда. Қазірдің өзінде депозиттер ашып, армандаған пәтеріңізге ақша жинай бастаңыз деп кеңес береміз», – деп жазды «Отбасы банкі».
Банктің ресми парақшасында «Елорда жастары» бағдарламасының алғышарттары да жарияланды: Несиенің максималды сомасы 13 миллион теңгеге дейін Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% Алғашқы төлем 10% -дан Несиенің максималды мерзімі – 25 жылға дейін Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі.
Бағдарламаның басталуы туралы ақпаратты банктің Instagram парақшасынан білуге болатынын алға тартқан «Отбасы банкі» жастарға қатысты жобаның бүгінде қарастырылып жатқанын мәлімдеді.