Елорда

Астанада оқушылар мен студенттер арасында өткен эссе байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқау дәстүрлі түрде үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Нұр-Сұлтанда көрнекті қазақ ғалымы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған эссе байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ақтық финалға өткен үміткерлер Оқушылар сарайына жиналып, марапатталды. Жүлделі 1-орынға 300 мың, 2-орынға 150 мың, 3-орынға 50 мың теңге табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының бастамасымен ұйымдастырылған байқауға 200-ден астам өтініш келіп түскен.

«Байқауға 228 өтініш келіп түсті. Тексеріс барысында жұмыстарды антиплагиат бойынша тексеріп, байқау шарттарын орындаған қатысушыларды ғана ақтық сынға жібердік. 107 мектеп оқушысы мен 49 студент финалға өтті. Қатысушылар үшін тәулік бойы сайт жұмыс істеп тұрды. Байқауды өткізудегі мақсатымыз – жастарымызға патриоттық сезім ұялатып, қазақтан шыққан ғұлама ғалымдардың еңбектерін дәріптеу», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Ж.Сүлейменов.

Оқушылар арасында жүлделі 1-орынға А.Жанай, 2-орынға Ж.Қуаныш, 3-орынға А.Шинтаева ие болды. Ал студенттерден 1-орынға Қ.Паразатова, 2-орынға Д.Қалменбай, 3-орынға И.Сұлтанғалиева жайғасты.

«Бұл байқауды өткізуде алдымызға қойған міндет – өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие беруге ықпал ету, ғалым Ыбырай Алтынсариннің мұрасымен танысып, отаншылдық сезім қалыптастыру. Жазған эсселерді қарай отыра, қойылған міндет 100 пайызға орындалғанына көзім жетті. Әр қатысушының өзіндік ойы, философиялық түйіндері, тілге, халқына деген жанаршырлық, патриоттық сезімі жазған жазбаларынан сезіліп тұр», – деді қазылар алқасының төрағасы, қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлы.

Байқау дәстүрлі түрде үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.