Қылмыс/ОқиғаНұр-Сұлтан қаласы

Елордада салынып жатқан мешіттердің құрылысы кезінде күтпеген жағдай болды

0
(0)

Елордада мешіт құрылысы кезінде үлкен металл контрукциясы құлады. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. 

Видеода құлаған констукция екі кранды зақымдағаны көрінеді.

Астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 ақпан, жұма күні құрылыс жүріп жатқан нысандардың бірінде болған.

«Конструкцияны монтаждап, кранды алып, толық бекіту кезінде құлады. Оқиға болған кезде жұмысшылар түскі асқа кеткен. Қазіргі уақытта бас мардігер «Сембол құрылыс»  болған жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құруда», – деді төтенше жағдайлар департаментінде.

Ведомствоның ақпараты бойынша зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Құрылыс нысанына өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары барды.

Астаналық әкімдік Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт жеке инвестицияларға салынатынын айтқан болатын.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button