Нұр-Сұлтан қаласы

Пиротехника-2021: астаналық полицейлер қауіпсіздік ережелерін еске салды

0
(0)

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балалардың көпшілігі, сондай-ақ ересектер пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан жарақат алады.

Осыған байланысты елорда аумағында 2021 жылдың 15 желтоқсаны мен 2022 жылдың 12 қаңтары аралығында «Пиротехника-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты халықпен пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және әкелу ережелері, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан алу туралы профилактикалық жұмыс жүргізу болып табылады.

Елорда әкімдігі қала тұрғындарына пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері туралы еске салады:

– пиротехниканы күмәнді сатушылардан сатып алмаңыз (көше сөрелерінен, өткелдерден);

– балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз;

– қаптамадағы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;

– пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта болыңыз;

– ешқандай жағдайда жабық үй-жайда пиротехниканы пайдаланбаңыз;

– көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 м қашықтықта болуы тиіс;

– білтені созылған қол қашықтығында тұтату керек;

– жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады.

Тіпті таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button