Нұр-Сұлтан қаласы

Құрбан айт: елордалық ассамблея қайырымды іс жасады

0
(0)

Бүгін, Құрбан айт мерекесіне байланысты елорда этномәдени бірлестіктері мен олардың жастар қанатының еріктілері қайырымдылық акциясын өткізді деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.
Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушы-Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Акция мақсаты-қайырымдылық іс-шарасын өткізу арқылы қоғамды ізгілікті істерге үндеу, түрлі жағдайларға байланысты қиындыққа қалғандарға қол ұшын созу, гуманизм идеяларын дәріптеу.
Аталған акция аясындағы құрбандық шалу еліміздің Мемлекеттік бас санитар дәрігерінің Қаулысына байланысты онлайн негізінде ұйымдастырылды.
«Құрбан айт мерекесі бәріміз үшін маңызы өте орасан. Сондықтан бүгінгі акцияға 100-ден аса еріктілер қатысып, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға қайырымдылық жасады. Бұл акцияға шетелден біздің әріптестеріміз де қол ұшын созды. Осы ретте шетел азаматтарымен бірлесіп жұмыс жасаған Гүлмира Әбдіқадырдың еңбегі елеулі екенін атап өткен жөн. Өзіміздің елорда этномәдени бірлестіктері және олардың жастар қанатының еріктілері, Нұр-Сұлтан қаласының Аналар кеңесімен бірге жалпы қала тұрғындары да бұл іске ұйымшылдықпен атсалысты. Жалпы айтқанда, акция барысында 5 миллион теңгеге жуық қаражат жиналып, оған 100 қой мен 10 сиыр сатып алынды. Сонымен, 2 мың килодан аса ет өнімдері әлеуметтік көмекті қажет ететін 500 отбасыға табысталды. Бұл ретте осы істің тиянақты атқарылуына аянбай үлестерін қосқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз»,-деді аталған акцияның басы-қасында болған Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Р.А. Абдусаламов.
Бұл акция карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, өткізілген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button