Нұр-Сұлтан қаласы

Елордалық аналар қала тұрғындарын екпе алуға шақырды

0
(0)

Нұр-Сұлтанда бала емізетін, жүкті әйелдер, сол сияқты жасөспірімдер Pfizer екпесін белсенді түрде алып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласына Pfizer екпесі жеткізілгелі бері оны алуға ниет білдіргендер қатары күрт артты.

«Бала емізетін болғандықтан №2 қалалық емханаға вакцина алуға келдім. Өзімнің, баламның денсаулығын ойлағандықтан екпе аламын деп шешім қабылдадым. Бәрін вакцина алуға шақырамын. Одан қорқатын ешнәрсе жоқ. Денсаулық бәрінен маңызды», – дейді қала тұрғыны Толғанай Әбдіғаниева.

Вакцина егу кабинеттеріне арнайы термоконтейнерлермен жеткізіледі.

«Pfizer екпесі осы емханаға жеткізілгенін білгеннен кейін бірден келіп отырмын. Мен анамын, емізулі балам бар. Өзімнің ғана емес баламның да денсаулығына жауаптымын. Екпе қауіпсіз, қайта қауіптің алдын алады деп ойлаймын. Инеден қорқатынымды жасырмаймын (күлді), бірақ вирус одан да қорқынышты. Екпе алғаннан кейін өзімді жақсы сезініп тұрмын. Вакцинаның еш қорқынышы жоқ, екпе алыңыздар», – дейді қала тұрғыны Виолетта.

Айта кетейік, елордада Pfizer вакцинациясын алуға болатын 5 мың жүкті, 28 мың бала емізетін әйел және 63 мың жасөспірім бар.

Қала бойынша барлығы 90-нан астам вакцинация пункті бар, бірақ Pfizer-ді тек медициналық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің медициналық пунктерінде егеді.

Айта кету керек, 15-18 қараша аралығында Нұр-Сұлтанда 2529 адам Pfizer екпесін алды.

 

 

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button