Нұр-Сұлтан қаласы

Күшті жаңалық! Биыл Нұр-Сұлтанда 100-ден астам көше жөнделді

0
(0)

Елордада жолдарды орташа жөндеу қолайлы ауа-райының басталуымен қолға алынады.

Биыл қалада жалпы ұзындығы 46 км болатын 107 көше жөнделді, елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында жол төсемдерінің қызмет ету мерзімі, мердігерлердің кемшіліктерін жою және жабу технологиясын жақсарту туралы айтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған newsroom.kz.

Бүгінде қаланың көлік жүйесі жалпы ұзындығы 868,3 км болатын 1 129 көшеден тұрады, оның ішінде 88,4% (767,7 км) асфальтбетон жабындысы бар жолдар және 11,59% (100,62 км) қатты жабындысы жоқ автожолдар.
Көлік басқармасы қала аумағында жүргізілген жөндеу жұмыстарына байланысты қатты жабыны жоқ автожолдар саны 2,8% – ға төмендегенін атап өтті. 2021 жылы Нұр-Сұлтанда 107 көшеде 46 км жол жөнделді, оның ішінде 31 орталық көше, он тұрғын алаптағы 60 көше және әлеуметтік нысандарға кіретін 16 жол. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының өзінде 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дәл осыншама көше Көктал-1-де жөнделді.

Фото: astana.gov.kz

«Көше-жол желісін жөндеу ағымдағы, орташа және күрделі болып бөлінеді. Мамандардың айтуынша, ағымдағы жөндеу жыл бойы жүргізіледі, өйткені жұмыстарды орындау кезінде ұсақ тас сияқты инертті материалдар қолданылуы мүмкін. Жолдарды күрделі жөндеуді ертерек бастауға болады, бірақ дайындық жұмыстарынан, жол-құрылыс материалдарын дайындаудан, темірбетон бұйымдарын орнатудан басталуы тиіс», – деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жол құрылысы және жөндеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ербол Ескендіров.

Оның айтуынша, орташа жөндеуден кейін жол төсемдерінің қызмет ету мерзімі 4 жылдан 6 жылға дейін өзгереді, оның ішінде мердігер ұйым 3 жылға кепілдік береді. Кепілдік мерзімі ішінде ақаулар анықталған жағдайда мердігер ұйым ақауларды өз есебінен жояды.

«Әрбір жобаға жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысын техникалық қадағалау мен технологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын компаниямен шарт жасалады. Сондай-ақ автомобиль жолдары Комитетінің жол активтері сапасының ұлттық орталығымен көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалады. Қандай да бір ескертулер анықталған жағдайда мердігер ұйымға хабарланады. Осыдан кейін ұйым қабылданған шаралар туралы хабарлайды», – деп түсіндірді Ескендіров.

Жалпы, жол жабындарын жөндеу жұмыстары ақауы бар аймақты анықтаудан басталады, содан кейін фрезерлеу, үрлеу, жабынды шаң мен кірден тазарту, битум эмульсиясын құю және асфальтбетон қоспаларын төсеу жүзеге асырылады.

Ведомствода атап өткендей, асфальтбетон қоспасын дайындау кезінде отандық өндірістің 99,9%-дан астамы пайдаланылады, бұл: инертті материалдар, мұнай өнімдері, минералды ұнтақ және шетелден әкелінетін 0,001% жабысқақ қоспалар.

Бұл ретте жабын сапасын және ауа райының өзгеруіне төзімділікті жақсарту үшін «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ мамандарымен сынақтан өткен және ҚР ИИДМ мақұлдаған физикалық сипаттамаларды жақсарту үшін битумға модификацияланған қоспалар сияқты жаңа технологиялар қолданылады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button