Елорда

Елордада «Тіл тазалығы» атты семинар-тренинг өтті

Қатысушылар карантин талаптарына сәйкес офлайн шарада бас қосты.

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырумен өткен бұл шара Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына бағытталған.

Іс-шараны өткізудегі мақсат: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және қадір-қасиетін арттыру; қоғаммен байланыс жасайтын мамандық иелеріне кәсіби бағыт-бағдар беру; болашақ журналистерге (студенттерге) тәжірибелі мамандардың кеңесін тегін алуға мүмкіндік жасап, біліктілігін арттыру және теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Семинар-тренингте «СММ негіздері мен ерекшеліктері», «Интернет ақпараттық соғыс алаңы ретінде»  және «Таза баспасөз тілі» тақырыптары талқыланды. Ақпараттық технологияның дамыған сайын оны тұтынатын жандардың да талғамы артатыны сөзсіз. Іс-шараның негізгі өзегі де осы хақында болды.

Ескерту:

Қатысушылар карантин талаптарына сәйкес офлайн шарада бас қосты. Сондай-ақ іс-шара онлайн форматта, яғни ZOOM платформасында да ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат қатысушылар мен медиа-тренерлердің денсаулығына қауіп төндірмей, карантин режимін сақтау. Қатысушылардан вакцина төлқұжатымен, «Ашық» жүйесі арқылы кірген.

Айта кетейк, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 5 қыркүйектен Қазақстан халқы тілдері күніне орай ХХІІІ қалалық Тіл фестивалі басталған болатын. Және бұл фестиваль 28  қыркүйекке дейін жалғасады. Фестиваль аясында бірнеше іс-шара жоспарланған. Бұған қатысты ақпараттар әкімдіктің ресми сайтында, әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып тұрады.

БАҒДАРЛАМА

 

10:30-11:00

 

Қатысушыны тіркеу  

 

11:00-12:30 «СММ негіздері мен ерекшеліктері» медиа-тренер

Мерей Ермұқан

12:30-13:30 Түскі үзіліс  
13:30-15:00 «Таза баспасөз тілі» «Ақпарат саласының үздігі», журналист,

медиа-тренер

Базаркүл Үмбетова

15:00-15:30 Кофе-брейк  
15:30-17:00 «Интернет ақпараттық соғыс алаңы ретінде» ІТ маманы, блогер

Аршат Ораз

17:00-17:30 Қатысушыларға сертификат табыстау  

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.