Астана қаласы

Жеңіс Қасымбек Шұбар шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Шұбар ауданының тұрғындарымен кездсуде жүйелі проблемалар қозғалғанын мәлім етті, деп Newsroom.kz хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

«Шұбар шағын ауданының тұрғындарымен кездестім. Мұнда 4 мыңға тарта адам тұрады. Кездесу барысында шағын аудан тұрғындары бірқатар түйткілді проблемаларды көтерді. Жүйелі мәселелер: су құбыры, кәріз желілерін салу, газдандыру жүргізу. Сол сияқты шағын ауданды абаттандыру, бағдаршамдар орнату, қолжетімділік аясында әлеуметтік нысандар салу, заңсыз тамақтану орындары және т.б. мәселелер көтерілді.

Су құбыры және тұрмыстық кәріз желілері бойынша жобалау жұмысы жүріп жатыр, сараптамадан шыққаннан кейін желілер құрылысы басталады.

Газдандыру – ауқымды және үлкен жұмысты қажет ететін процесс, қазір Шұбар шағын ауданы бойынша жобалау жұмысы жүріп жатыр. Биыл жеткізуші газ құбырының құрылысы басталады. Ал кварталішілік желілердің құрылысын келесі жылы бастаймыз, осының арқасында шағын аудан тұрғындары үйлерін көгілдір отынға қоса алады. Осыған дейін Алматы мен Сарыарқа аудандарының тұрғындарына газға қосылу мүмкіндігі жасалған.

Аудандардың, елді мекендердің тұрғындарымен тұрақты кездесу өткіземін. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті жұмыстарды орындау кестесін жасаймыз», — деп жазды елорда әкімі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.