Елорда

Құтты болсын! Бас қаланың бас онкологы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Онкологиясы бар 8 мыңнан астам пациент емделді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бас онколог Мұхтар Есжанұлы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

«Пандемияның негізгі соққысы медицина қызметкерлеріне тиді. Алғашқы күннен бастап олар алдыңғы шепте коронавируспен күресті. Қала тұрғындарын аталмыш инфекциядан бөлек басқа аурулардан да емдейді. Медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мыңдаған адамның өмірі құтқарылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының медицина ұйымдарының дәрігерлері, орта және кіші буын қызметкерлері жалпы 350-ден астам маман түрлі медальдармен, наградалармен марапатталды.

Мұхтар Есенжанұлы қаламыздың бас онколог маманы. Оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Пандемия басталғалы бері Мұхтар Есенжанұлы науқастарды емдеу үшін төсек-орындар дайындап, шетелден келген алғашқы науқастарды қабылдады, жаңа инфекциялық стационардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты. Ол басқаратын көпбейінді медициналық орталық COVID-19 инфекциясынан 15 мыңнан астам науқасты емдеді.

Фото: Александр Куприенко

Сонымен қатар, үйлесімді жұмыстың арқасында орталықтың онкологиялық бөлімшесінің жұмысы бір күнге тоқтаған жоқ. Онкологиясы бар 8 мыңнан астам пациент емделді, 3 мыңнан астам операция жасалды. Карантин кезінде онкопациенттерге дәрі-дәрмектерді үйге жеткізу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қосымша инсульт орталығы ашылды, ол жоспарлы және шұғыл пациенттерді қабылдайды.

Елорданың бас онкологын «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен шын жүректен құттықтаймын! Мұхтар Есенжанұлы тағы да жүздеген науқасты аяққа тұрғызатынын білемін!

Ел басшылығы медицина қызметкерлерін қолдау шараларына ерекше назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуды жалғастырамыз», – деп жазды елорда әкімі.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 15

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.