Нұр-Сұлтан қаласы

Далада қалған елордалықтар

1
(1)

Елордада 15 пәтер иесі заңды үй болса да, баспана жалдап, өзгенің үйін паналауға мәжбүр. Күз келгенде жеке шаршы метрсіз қалғандар бұған газ дүрсілі мен әкімдікті кінәлайды. «Сарыарқа» ауданына қарасты астаналықтардың сөзінше, техногендік апат шілде айында болса да, ақжағалылар адамдардың үй-жайын әлі де шешіп бермеген. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

«Зима скоро. Где жить? Я допустим ипотеку плачу. Где я жить буду? А что вы на меня кричите? Вон!».

Қыстың қыр астында тұрғанын айтып, уайымдап тұрған Конституция, 23 мекен-жайының тұрғындары. Биыл шілде айында бес қабатты нысанның бір пәтерінде газ тарап, жарылыс болған. Үй тұруға қауіпті деп танылып,  жұрттың бір бөлігін Сарыарқа ауданының әкімдігі қонақ үйлерге жайғастырса, өзгелері екі айдан бері туыстарын паналауға мәжбүр.

ЕРБҰЛАН ӘБДІҒАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «4-ші июнде осындай оқиға болып, қазір подъезд толық жабық тұр. Бірақ, бұл үй үшін мен ипотека төлеп жатырмын. Мен енді мына үйде тұрмаймын, паралельно үй жалдап тұрып жатырмын ғой. Сондықтан двойной расход. Әрі ипотека төлеймін, әрі үй жалдап тұрамын».

НҰРЖАН СӘДІРБАЙ, ТІЛШІ: «Жарылыстың сонша қатты болғанын, мына қираған терезеден байқауға болады. 1-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейін дәл осындай көрініс. Сондай-ақ менің сол жағыма зер салсаңыз, үйдің ортасында үлкен жырық пайда болған».

Тұрғындардың айтуынша, апат болған пәтер иесінің денесін 80 пайыз күйік шалыпты. Қалған  адамдар абырой болғанда дін аман. Ал дүрсілден кейін оқыс оқиға болған баспананың едені мен көрші пәтердердің қабырғалары қираған. Тіпті, қабаттар арасындағы плиталар да қозғалыпты.

Подъездің апаттан кейінгі қалпы туралы бір жапырақ қорытынды жазылған қағаз шығыпты. Бірақ, құрылыс жүргізетін мердігер келіспей, оны жарамсыз деп таныған. Ал екінші тексеріс әлі дайын емес екен. Аяқ асты далада қалғандар үй жағдайы туралы шешім шықпағасын тұрмыстық заттарымызды қалдырып кеттік дейді.

ИРИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мүлігімізді қалдырдық. Өйткені біз заттарымызды алып кетейік пе, әлде қалдырайық па деген сауалға жауап алмадық. Ертең үй құлай ма, жоқ па деген мәселе де мазалайды. Біз дүрсілден кейін тек екі чемодан заттарымызбен шығып кеттік».

Баспанасыз қалғандар жәй ғана дүрсілі емес, үлкен жарылыс болғанын да алға тартты.

ЕРБҰЛАН ӘБДІҒАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Менің қарапайым көзбен қарағанда, перегородкалары құлаған, блоктары ашылған. Ол хлопок газаға ұқсамайды. Ал егер взрыв болды деп заключение шығарса, онда автоматический бұл үй сүрілуі керек, осы подъезд полностью жабылуы керек еді».

Біздің арна оқыс оқиғадан кейін Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдерін сөзге тартқан еді. Сол кезде осы әкімдіктің тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Андрей Марченко  мәселені тез арада шешеміз деген еді.

АНДРЕЙ МАРЧЕНКО, САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Я думаю,что мы не будем затягивать, чтобы люди где-то зимовали. Постараемся  максимально в короткие сроки все это устранить».

Ал, бүгін былай деді.

АНДРЕЙ МАРЧЕНКО, САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Біз техникалық қорытындыны даярлап жатырмыз. Соның нәтижесінде үйді қалпына келтірмекпіз. Әлі жобасын жасаймыз, сонан соң мердігер зақымданған құрылысты ретке келтіреді».
Үйді қайта ретке келтіру  үшін қала әкімдігінің қаржысы жұмсалатын көрінеді. Шенеуніктер екі ай өтсе де, газдың не дүрсілдегінен, не жарылғанын білмейді екен. Мұны анықтайтын арнайы мамандармен қоса, полицейлер де апатқа не себеп болғанын зертетуде. Ал, денесінің 80 пайызы күйген тұрғын бүгінде амбулаториялық ем алып жатыр екен. Бірақ зардап шегушіден сол күні не болғанын сұрау әлі де мүмкін болмай отыр, дейді ақ жағалылар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button