Астана қаласы

Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған үлестік құрылыс нысандарын аралады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында үлестік құрылыс нысандарын аралағанын мәлім етті, деп Newsroom.kz хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

«Үлестік құрылыс нысандарын аралауды жалғастырамын. Төрт көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар: «Мирный дом», «Тұран Сығанақ», «Территория комфорта-1» (2 кезек), «Хазар». Үлескерлердің жалпы саны 1200-ден астам отбасыны құрайды. Нысандардың өткен тарихы әртүрлі. Мәселен «Мирный дом» тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалы деп танылған, нысанды «Елорда құрылыс компаниясына» тапсырар кезде құрылысы нөл деңгейінде болатын.

«Территория комфорта-1» тұрғын үй кешені (2 кезек) тіптен апатты деп танылып, үйлердің блоктары бұзылды. Тиісінше құрылысы басынан қайта басталды. «Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, пәтер кілті үлескерлеріне тапсырылды. Қазір екінші кезек бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Осыған дейін әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген болатын. Дегенмен алдымызда тағы 30-дан аса тұрғын үй кешенін аяқтау міндеті тұр, онда мыңдаған үлескер отбасы өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүр. Құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырдым.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау – әкімдіктің басты міндеттерінің бірі», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: елорда әкімдігінің ресми сайты

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.