Нұр-Сұлтан қаласы

Маникюр мен педикюрге тыйым салынды: Нұр-Сұлтандағы сұлулық салондары қалай жұмыс істейді

0
(0)

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева сұлулық салондарында тек шаштараздар ғана жұмыс істейтінін ескертті, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Сұлулық салондарында тек шаштараздардың қызметі жалғасады. Яғни, тұрғындар шашатарын қиып, боята алады. Косметологиялық қызметтер, атап айтсақ, маникюр мен педикюр жасауға тыйым салынады», – деді Жанна Пралиева.

Бұған қоса ол қызметті тек қауіпсіздік шарасын қатаң сақтағанда ғана жүзеге асыруға болатынын айтты. Сөзінше, шаштараздар да, олардың клиенттері де міндетті түрде маска киіп жүруі керек.

«Кезек орнамауы керек. Барлық қызмет алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылуы тиіс», – деді Нұр-Сұлтанның бас санитары.

Еске салайық, 11 мамырда еліміздің аумағында ТЖ режимі аяқталған еді. Осыған орай бірқатар қызмет нысандарының жұмысы қайта жанданды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close