Нұр-Сұлтан қаласы

Елордада тіл фестивалі өтуде: бас жүлдеге iPhone 12 беруде

4.3
(12)

Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай ХХІІІ қалалық Тіл фестивалін өткізеді. Бас жүлдеге iPhone 12 Pro Max қойылды деп жазады newsroom.kz порталы ұйымдастырушыларға сілтеме жасай отырып.

Фестиваль аясында қалалық көркемсөз шеберлерінің байқауы өтеді. Оған жасы 16 мен 35 жас аралығындағы кез келген ниет білдіруші қатыса алады.

Байқауды ұйымдастырудағы мақсат: жастар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту; көркем өнер арқылы рухани мұралармен сусындату; 2021 жылы мерейтойы атап өтілетін Ж.Жабаев, Қ.Аманжолов, М.Хәкімжанова, М.Мақатаев, Ы.Алтынсарин шығармаларын насихаттау, ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойында ұлттық құндылықтарға құрмет көрсетіп, мемлекеттік тілді білу әр азаматтың парызы екенін түсіндіру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жас шамасы 16-35 аралығында болуы керек. Қатысушы 2021 жылы мерейтойы атап өтілетін Ж.Жабаев, Қ.Аманжолов, М.Хәкімжанова, М.Мақатаев, Ы.Алтынсариннің шығармасын оқып, видеоға түсіріп, байқау ұйымдастырушыларына жолдауы тиіс.
Байқау талаптарына сәйкес, қатысушы, алдымен, аталған ақындардың бірінің шығармасынан монолог оқиды, яғни проза болуы керек. Видео ұзақтығы 1,5-2 минутқа дейін. Екінші видеода осы ақындардың шығармаларынан өзі ұнатқан өлеңді оқиды. Видео ұзақтығы – 1 минут. Видеоролик эстетикалық талаптарға сай болуы керек. Оқу мәнері, мәтінді жеткізе алу шеберлігі ескеріледі.
Дайын видеоролик til_festivali_23@mail.ru электронды поштасына жіберілуі қажет. Байқауға қатысушының аты-жөні, оқу орны немесе жұмыс орны, байланыс телефоны көрсетілуі керек. Екі видео (монолог және поэзия) #tilfest23 хештегімен өзінің әлеуметтік парақшасында да жариялануы қажет.

Жұмыстар 6-24 қыркүйек аралығында қабылданады. Жеңімпаз бен жүлдегерлер қазылар алқасының шешімімен анықталады.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, Диплом мен Алғыс хат табысталады.
Байқауға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса: Жанболат 8(702) 569-83-90 (уатсап), 8(708) 721-46-93 нөміріне хабарласыңыз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 12

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button