Қылмыс/ОқиғаНұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтанда Toyota Camry ауыр жүк көліктің астына кіріп кетті

0
(0)

Елордада жеңіл көлік жолдың қарама қарсы бағытындағы Shacman ауыр жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының 102 нөміріне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Әл-Фараби даңғылымен жүріп келе жатқан Toyota Camry көлігінің 51 жастағы жүргзушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, онда 32 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Shacman ауыр жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды», делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қалалық полиция департаменті жүргізушілерді жолда сақ болып, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button