Қылмыс/ОқиғаНұр-Сұлтан қаласы

«ҰҚК академиясына оқуға түсіреміз»: 15 мың доллар пара алған полковник сотталды

0
(0)

Сот полковникке қатысты үкімін өзгертті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Есіл аудандық сотының үкімімен биыл 25 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі               Е.Е. Арыстан мен оның жұбайы Э.Дүйсенқызы алаяқтық әрекеті үшін бас бостандығынан айырылды.

Ал Е.Е.Арыстан қосымша пара беруге мәжбүрлеу әрекеті бойынша да айыпталды. Сотталғандар бір топ адамның сеніміне кіріп, алдын ала келісіп алып, зардап шеккен азаматтың баласын «ҰҚК академиясына оқуға түсіреміз» деген желеумен 15 мың доллар алған.

Биыл 10 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының соты аталған үкімді өзгертті. Е.Е.Арыстанға «лауазым иесі өзінің өкілеттігін пайдалана отырып» алаяқтық жасады деген айып тағылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол өмір бойына мемлекеттік қызметте істей ете алмайды. Ал жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Оның жұбайы Э.Дүйсенқызына қатысты үкім өзгеріссіз қалды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button