Елорда

Елорданың алғашқы құрылысына үлес қосқан азаматтармен кездесу өтті

Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен еліміздің маңызды күніне арналды.

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының алғашқы құрылысына атсалысқан азаматтармен кездесу өтті деп жазады turkystan.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 

Елорда

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен еліміздің маңызды күніне арналды. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Ақмола қаласы,қазіргі Нұр-Сұлтан, Қазақстанның бас қаласы болып жарияланған.

Кездесуге еліміздің белгілі саяси және қоғам қайраткерлері Фарит Галимов, Сергей Фомичев, Серік Рүстамбеков, Сансызбай Есілов, Төлеген Мұхамеджанов, Николай Мещеряков, Анатолий Ченцов, Светлана Жалмағамбетова, Баир Досмағамбетов, Жәнібек Кәрібжанов, Александр Литвинов, Қайсар Омаров, Болат Қуанышев, Ахметолла Шәкіров шақырылды.

 

Елорда

«Қазақстанның жаңа астанасы жарияланған күні басымызды қосқан іс-шараны ұйымдастырушыларға рахмет. Қала әкімдігінің бұрынғы қызметкері ретінде Елбасы кітапханасына келгеніме қуаныштымынҚымбат та таныс жандармен жүздесіп, қуанышым еселене түсті. Бас қаламыз бүгінде ерекше сәулетімен көздің жауын алады. Елорданың игілігі үшін жұмыс істей жүріп, біз Елбасының айрықша қолдауын сезіндік»– деп ой бөлісті 1997-2000 жылдары елорда әкімінің бірінші орынбасарыболған, ал бүгінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.

«Маған осы ауқымды жұмысқа о бастан қатысу бақыты бұйырды. Бәрінің қалай басталғанын, жердің асты мен үстінде не жатқанын көрдім. Қала құрылысына тікелей атсалыстым. Бүгін мен осы іске белсене қатысқандардың барлығына шексіз алғысымды білдіремін. Олар – тамаша адамдар, құрылысшылар, өз елінің нағыз патриоттары», – деп атап өтті 2001-2002 жылдары «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары, кейін елорда әкімінің орынбасары болған Сергей Фомичев.

Еліміздің бас қаласы қалыптасуының бастауында тұрған «Евразия + ОРТ» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Светлана Жалмағамбетова да өз естеліктерімен бөлісті: 

«Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстантуралы біраз сарапшылар экономикасы әлсіз ел, көптеген ұлттар мекен еткендіктен олар өзара дауласып, күйрейді деп пайымдады. Бірақ барлық болжамдарға қарамастан, дәл біздің елде, Қазақстанда бейбітшілік пен келісім орнап, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Елбасының арқасында алғашқы күннен бастап болашаққа деген берік сенім қалыптасты. Бүгінде Қазақстан –халықаралық аренада беделді, тұрақты мемлекет, ал Нұр-Сұлтан бүкіл әлемге танымал болды».

Шара

Кездесу

Іс-шара барысында қонақтар елорданың қалыптасу мен даму тарихына арналған экспозицияларды тамашалады. Оның аясындаЕлбасы кітапханасының музейархив және кітапхана қорларынан алынған фотосуреттер, құжаттар, бейнежазбалар және басқа да бірегей жәдігерлер ұсынылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.