Астана қаласы

Қазақстан мен Оңтүстік Корея экология мәселесін талқылады

Экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Нұр-Сұлтанда сарапшылар көміртегі бейтараптығы, Париж келісімін орындау мәселелерін талқыға салды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Елордада Қазақстандағы Корея Республикасының елшілігі, KOICA бағдарламасы бойынша Корей жоғары оқу орындарының қазақстандық түлектер қауымдастығы (халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Корей агенттігі), Қазақстанның экологиялық ұйымдары және Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Онда сарапшылар көміртегі бейтараптығы, Париж келісімін орындау мәселелерін талқыға салды. «Дөңгелек үстелдің мақсаты – 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртекті бейтараптық стратегиясын тиімді іске асыру, Париж келісімі шеңберінде қос елдің міндеттемесін орындау, әрі жасыл экономика саласында озық тәжірибесі мен жоғары технологиясы бар Корея Республикасымен тығыз өзара іс-қимыл орнату және тәжірибе алмасу», – деп жазылған хабарламада.

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Қазақстандағы Корея Республикасы елшілігінің қызметкерлері, халықаралық сарапшылар мен экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.