Нұр-Сұлтан қаласы

350 мың теңге: жерлеу агенттіктері бағаны шарықтатып жіберді

0
(0)

Коронавирустан көз жұмған адамның өзі табыс көзіне айналды. Бұл жерде жеке агенттіктер мен мәйітхана санитарлары арасында ауызжаластық бар. Тілшілеріміз жүргізген кішігірім зерттеу барысында түйген ой осы. Жерлеу қызметін көрсететін агенттіктер бағаны шарықтатып жіберген. Қымбат қызметтің өзі сапалы көрсетілмейді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Соңғы уақытта желіде жерлеуге қатысты шағымның жиілегенін көріп отырмыз. Әсіресе, қазіргі вирус дендеген шақта бұл қызметке сұраныстың да, арыздың да көбейгенін байқадық. Айтылып жатқан сынның қаншалықты орынды екенін тексермек болып, өзіміз де бірнеше жерлеу қызметін көрсететін агенттікке хабарласуды жөн көрдік».

Вирустан көз жұмған адамды жерлеу оңай емес. Алдымен қызмет көрсететін агенттік табу керек.

«Коронавирус?  Да.  Нет, не обслуживаем. Лицензии нету.  А для этого лицензия еще нужна?  Мхм».

Кейін білгеніміздей, бұл қызметке лицензия керек емес екен. Хабарласқан сайын түңіле түсуге болады. Бағасы барған сайын көбейе береді. Вирус емес басқа себеппен көз жұмғандарды 200, ковидтен кетсе 300 мың теңгеден жоғары.

«Если COVID, 300 тысяч.  Сколько?  300. Полностью вся процедура 300 тысяч.  Полностью, под ключ да».

-COVID-ке под ключ бізде 360-350 болады.  350.

– Оның ішіне не кіреді сонда?

-Ол машина, бригада выездная, жәшігі, сосын, костюмдер противочумный, содан кейін өзінің қабірі, кірпішпен.

-Прям тұрақты баға ма?

– Иә».

Телефонды қойып, зираттарға қарай аттандық. Жер үшін бір тиын да алмаймыз дейді ондағылар. Бірақ қала ішіндегі мазардан орын таппайсың қазір.

«Здесь для мусульман только если место оставляли или в мазаре. Если вот один лежит, и второй место в оградке есть.  Тоесть если заранее оставил?  Да».

Шаһардан шеткері аумақта басқа мазар ашылыпты. Оған да бардық. Бірақ салттық қызмет өкілінің келушілерге орын көрсетумен қолы тимей, сөйлесе алмай қайттық.

ТАТЬЯНА МОРОЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Мы им заплатили. Плюс мы покупали костюмы дезинфекционные».

Екі апта бұрын әкесін жерлеген қала тұрғыны бұл. Бәрін жайғастырамын деген агенттіктің қолына 400 мыңдей теңгесін есептеп беріпті. Бірақ уәде етілген қызметтің көбі іс жүзінде атқарылмады. Мәселен, 2 мың теңгелік костюм 12 мыңға сатылған, табыттың да құны еселеп көрсетіліпті. Қыл аяғы қабір қазғандар да оның жөнін білмейтін адамдар болып шыққан. Марқұмды көрші қабірде қызмет атқарған мамандар жерлеп тыныпты.

ТАТЬЯНА МОРОЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Арнайы көлік қашан келеді деп күтіп тұрсақ, қарапайым жеңіл машина кеп тұр. Таксист екен. Вирустан көз жұмған адамды тасымалдайтынын білмейді де. Әлдебір танысы көмектесуді сұрапты. Бұл бассыздыққа шыдамай, агенттікке хабарласқанымда, өзіме ұрсып, қабіріңмен қоса төңкеремін деп қатты сөйледі».

Біраз жылдан бері осы салада қызмет атқарып келе жатқан маманды сөзге тарттық. Людмила Кучерова бұл мәселеге бірнеше себептің барын жайып салды. Алдымен санитарлар қойылған талапты жиі өзгертіп, әбден шатастырса керек. Мұны ұсақ агенттер ұтымды пайдаланып, табысқа кенеліп жатыр дейді. Бар қызметті екі есе арзан ұйымдастыруға болатынын жеткізді.

ЛЮДМИЛА КУЧЕРОВА, КӘСІПКЕР:
«Агенттер жағдайға тез бейімделе кетіп, мәйітханадағы санитарлармен қарым-қатынас орната кетті. Содан да болар ойына келегенін істейді. Зираттарда қабір қазатындарда жүктеме артты. Үлгермей жатыр. Осы ретте мемлекет көмектесем десе, бәлкім бұл жұмысқа әскерилерді жұмылдыруға болар».

Қазір жерлеу рәсіміне 30 адамнан артық жамағат шақыруға рұқсат жоқ. Тек отбасы мүшелері ғана болса тіпті жақсы дейді молдалар. Біреудің қайғысынан пайда көргендерді айыптауда.

БАҚЫТЖАН ӨТКЕЛБАЕВ, «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:
«Қазіргі кезде ондай болатын болса кәсіпкерлер осындай мұхтаждығын пайдаланып қазір қиын шақта өздерінің мына жұмыстарын өздерінің жанағы кәсібін халыққа көтеруіне біз қарсымыз біз оларды мүмкіндігінше бұл халыққа жағдай жасауға бағасын көтермеуге тіпті қайырымдылық мақсатында төмен түсіруге шақырамыз».

Айтпақшы, бір тиын да жұмсамай жерлеуге болады екен. Бірақ ол үшін барлық жоралғыны талапқа сай өткізетін таныстарың болуы керек. Вирустан көз жұмған адамды жерлеуде санитар маман міндетті түрде қатысуы шарт.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close