Нұр-Сұлтан қаласы

Жәния Джуринская сәби күтіп жүр екен

5
(3)

Данияр Хизметов пен Жәния Джуринскаяның шаңырағында көптен күткен қуаныш. Жәния сәби күтіп жүргенін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

«Ең сүйікті адамыңнан бала күту деген қандай бақыт екенін елестете де алмаппын. Біз сені күтеміз, күніміз біздің, жүрегім менің. Менің өміріме баса-көктеп кіріп, махаббатқа бөледің», – деп соңғы сөзін күйеуіне арнады Жәния.

Актриса УДЗ-ға түсіп үлгерген. Ол жеке парақшасында сәбиінің алғашқы суретін де жариялап үлгерді. Аталған суретті Данияр Хизметов те бөлісті.

«Кімге ұқсайды екен?» – деп қалжыңдады ол.

«Адамның өміріндегі ең маңызды сәт үйлену тойы деп ойлап, қателесіппін. Отбасымыз кеңейіп жатыр. Сені сүйемін», – деп жазба қалдырды ол.

Әріптестері мен фанаттары Данияр мен Жәнияны жарыса құттықтауда.

Айта кетейік, Жәния Джуринская жарты жыл бойы бала көтере алмағандықтан, ЭКО орталығына барғанын айтқан еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button