Елорда

Елордада азық-түлік бағасына делдалдық енді жүрмейді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Елордада қала әкімінің орынбасары Асқар Амриннің төрағалығымен азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Комиссия құрамында монополияға қарсы органның, Экономикалық тергеу департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және т.б. өкілдері болды.

Елордалық монополияға қарсы орган Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп азық-түлік ритейлі нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау туралы баяндады.

Сауда объектілерінің, атап айтқанда, көкөніс базарларының, үй жанындағы дүкендердің және Нұр-Сұлтан қаласының басқа да сауда объектілерінің қызметінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау белгілерін белгілеу бойынша іс-шаралар өткізілді. Осы талдауға жататындар қатарында METRO, Galmart, Small, Фермаг, Азат, Гүлжан желілері бар.

Анықталған бұзушылықтар Комиссияның қарауына шығарылады. Кәсіпкерлердің іс-әрекеттерінде сауда қызметі саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілері анықталған кезде тиісті шаралар қабылданады. Айта кетейік, комиссия отырысы апта сайын өткізіледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.