Нұр-Сұлтан қаласы

Көз тимесін! Елордада ковидпен ауырғандар 40 пайызға азайды

0
(0)

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева қалада жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылғандар санының азайғанын, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгінушілер санының азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Бейінді басқарманың мәліметінше, бүгінгі күні қала бойынша КВИ жұқтырған 359 пациент инфекциялық стационарларда ем алуда, оның ішінде 40 адам реанимацияда жатыр.

«Инфекциялық стационарларға емдеуге жатқызылған пациенттердің саны өткен айлармен салыстырғанда аз болды. Осылайша, КВИ науқастарының да 38% – ға, сондай-ақ стационарлық емделуде жүргендердің де 27% – ға төмендегені байқалады. Сондай – ақ, жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгінулер мен шақырулар саны 27% – ға азайды», – деді Гүлназ Досмырзаева.

Фото: astana.gov.kz

Бұл ретте МСАК ұйымдары коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге үйде қызмет көрсетуді жалғастыруда. Мобильді бригадалар күніне 1000-1200-ге жуық амбулаториялық пациенттердің үйіне барады.

Айта кету керек, аурудың төмендеуінің оң динамикасына қарамастан, елорда тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулер талаптарын қатаң сақтауы керек. Қауіпті вирустан және оның салдарынан қорғаудың ең тиімді әдісі вакцинация болып қала береді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button