Нұр-Сұлтан қаласы

Үлгі аларлық: елордада ұжым болып вакцина алатын кәсіпорындар саны артуда

0
(0)

Нұр-Сұлтанда вакцинация науқанының ауқымы артып келеді. Мобильді вакцинация топтары күніне бірнеше кәсіпорынға қызмет көрсетеді. Бүгін елордадағы Magnum Cash&Carry ірі сауда желісінің барлық қызметкері екпе алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Қызметкерлер вакцинаны супермаркет филиалдарының бірінде алды. Дәрігерлердің нұсқауы бойынша егілген қызметкерлер 30 минутқа дейін медицина қызметкерлерінің бақылауында болды.

Дәрігерлер вакцинаның әсері, сақтық шаралары туралы, сондай-ақ вакцинаның екінші дозасын алатын күндерін айтты.

«Бүгін біздің супермаркеттің қызметкерлері өз еркімен вакцинация алу туралы шешім қабылдады. Біз тікелей сатып алушылармен жұмыс істейміз. Пандемия кезінде тұрғындарды қажетті нәрселермен қамтамасыз ету үшін жұмысымыздың бір күні де тоқтаған жоқ. Елде COVID-19 өршіп тұр, әрине, денсаулық сақтау біз үшін өте маңызды, сондықтан өзіміз бен сүйікті клиенттерімізді қорғау үшін ұжымдық вакцинация жасаймыз», — деді Magnum Cash&Carry компаниясының аумақтық директоры Елена Малышева.

«Әлемде коронавирус өршіп тұр. Біз қызметкерлерімізбен бірге ерікті түрде вакцинациялаудан өтеміз деген шешімге келдік. Себебі қала тұрғындарымен үздіксіз жұмыс істейміз», — деді Magnum компаниясы филиалының директоры Анна Пяткина.

Одан бөлек «Digital System Servis» ЖШС өз қызметкерлерін толық иммундаудан өткізген алғашқы компаниялардың бірі. Компания менеджері Майда Қожаниязова әріптестеріне вакцинациялау қалай жүргізілгенін түсіндіріп берді.

«Компаниямызда 89 адам қызмет етеді. Олардың бәрі толығымен вакцинацияланып, екі компонентін де алды деп айтуға болады. Тек екі қызметкеріміз дәрігердің рұқсаты болған соң денсаулығына байланысты иммундаудан өткен жоқ. Жасыратыны жоқ, компания басшылығы вакцинацияны қолға алғанда әріптестерімнің жартысы ғана ниет білдірген. Дегенмен екінші жартысы да қалыс қалған жоқ. Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлағаннан кейін, тиісінше кәсіпорын қызметкерлері вакцинациядан міндетті түрде өтуі керектігі жайлы жаңа қаулы шыққаннан кейін қалған әріптестерім де шет қалмады», – дейді Майда Қожаниязова.

«Digital System Servis» компаниясы телекоммуникациялық жабдықтарды өндірумен айналысады: роутерлер, басқарылмайтын коммутаторлар, автоматты телефон станциялары (АТС) т.б. Енді отандық теледидарлар және өзге де үй және кеңсе техникаларын шығаруды жоспарлап отыр. Компанияның өнімдері бәріне арналған. Бүгінгі заманда интернет кез келген адамның күнделікті қажеттілігіне айналды. Ал сапалы жабдық мінсіз жұмыстың кепілі. Аталмыш компания ішкі нарықты ғана экспортқа шығуды да жоспарлап отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button