Нұр-Сұлтан қаласы

Елорда: шет аймақтарды дамыту және абаттандыруда Президент тапсырмалары қалай орындалуда?

0
(0)

Нұр-Сұлтанда аудандарды абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Құрылыс Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде және қала басшылығының тапсырмасын орындау мақсатында «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» мастер – жоспарының тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жүргізілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Байқоңыр ауданында 237 аула бар. Осы жылы 57 аулада 9 футбол алаңы, 2 баскетбол алаңы, 210 көше тренажері, 570 бірлік шағын сәулет нысандары орнатылды. Абаттандыру кезеңінде ауданда 12 000 шаршы метр аумақ төселген таспен (брусчаткамен), ал 19 000 шаршы метр – асфальтбетон жабынымен жабылды. Өтпе жолдар, тұрақ аймақтары жайластырылды, сондай-ақ көгалдандыру жүргізілді. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 8 аула мен 1 скверді абаттандыру жүргізілді. Бағдарламаның мақсаты-тұрғындардың бастамасы және ұсыныстары бойынша ауданды дамыту және абаттандыру.

Сонымен қатар 4 қоғамдық кеңістікті жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілді, оның ішінде: «Құтқарушылар» сквері, Республика даңғылы мен Сейфуллин және Жолымбет көшелері бойындағы жаяу жүргіншілер және қоғамдық кеңістіктер.

Тағы 3 қоғамдық кеңістікте жұмыс жүргізіліп жатыр, оларды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кету керек, қоғамдық кеңістікті жайластыру кезінде тұрғындардың пікірі үнемі ескеріледі, шешімдер ұжымдық түрде қабылданады. Атап айтқанда, учаскелер белгілі бір аймақтарға бөлінді – ересектер, жастар, сондай-ақ егде жастағылар үшін. Әр кеңістікте, жас ерекшеліктеріне қарамастан, барлық тұрғындар бос уақытын өткізе алады, мұнда көше тренажерлерінің элементтері бар балалар, спорт және гимнастика алаңдары, көше воркауты мен скейт алаңдары, сәндік көше бұрылыстары, орындықтар мен урналары бар практикалық көлеңкелі шатырлар бар.

Есіл ауданында да ауқымды жұмыстар жалғасуда. Мұнда «Үркер», «Пригородный» және «Тельман» тұрғын алаптары абаттандырылады. Әрбір учаске келесі көрсеткіштер бойынша жаңартылады: желілер мен жолдардың құрылысы, жолдарды жөндеу, санитарлық тазалау, су тасқынына қарсы күрес, жарықтандыру және абаттандыру. Мысалы, тек «Тельман» тұрғын алабында ұзындығы 120 м тротуар салу бойынша жұмыстар жүзеге асырылды.

Алматы ауданында бір жылда 53 аула және 8 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Айта кету керек, абаттандыруды жоспарлау кезінде кеңеске тұрғын алаптар мен орамдардың тұрғындары шақырылады. Қоғамдық кеңістіктер арасында «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» тұжырымдамасы аясында жаңа қалалық жағажайды, Сарайшық көпірі бойындағы «Сирень скверін», Абылай хан даңғылы, «Жастар» саябағында NS Streetlife, Триатлон паркі алдындағы аллеяны, Есіл өзені бойындағы ірі балалар ойын алаңын және Ақтасты көшесін жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, 2021 жылы Нұр-Сұлтанда 107 көшеде 46 км жол, оның ішінде 31 орталық көше, он тұрғын алабында 60 көше және әлеуметтік нысандарға кіретін 16 жол жөнделді. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының өзінде 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дәл осындай көше саны Көктал-1-де жөнделді.

Естеріңізге сала кетейік, елорда әкімдігі аулалар мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруға ерекше көңіл бөледі. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспары аясында 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды.

Өткен жылы Нұр-Сұлтанда 76 гектардан астам жер абаттандырылып, 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды. «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспарына сәйкес 2021 жылы жалпы алғанда 190-нан астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

Аулаларды абаттандыру кезінде Президенттің тапсырмасы бойынша көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл елордада 1 миллионнан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button