Нұр-Сұлтан қаласы

Бизнес бастағысы келген елордалықтарға қайтарымсыз гранттар берілді

0
(0)

Биыл Халықты жұмыспен қамту орталығына шағын несиелеу бойынша кеңес алуға 65 адам өтініш білдірген. Бұл туралы елорда тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі тақырыбында өткен онлайн баспасөз конференциясында айтылды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Биыл Халықты жұмыспен қамту орталығына шағын несиелеу бойынша кеңес алуға 65 адам өтініш білдірген. Оның ішінде 39 өтініш берушіге түсініктеме беріліп, 26-сы бойынша екінші деңгейлі банктерге шағын несие беруге жолдама берілді. Кәсіптік оқыту жұмыс берушілер мәлімдеген біліктіліктер мен дағдылар бойынша жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік ерекшеліктері мен дағдыларына байланысты 6 айдан аспайды. Бүгінгі таңда 17 мамандық бекітілді, олар: аспаз, наубайшы, кондитер, тігінші, тігінші-шебер, шаштараз шебері, бақылаушы кассир, анимация және видеографика, тәрбиешінің көмекшісі, жиһаз жинаушы, ағаш сырлау цехының шебері, арматуршы, монтажшы, газ жабдығын пайдалану және жөндеу слесарі, газ электр дәнекерлеуші, электрослесарь, жартылай автоматты машинада электр дәнекерлеуші», – дейді «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің жетекшісі Азамат Байтасов.

Оның айтуынша, бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар өз ісін ашуды жоспарлап отырған бағдарламаға қатысушыларға тегін және қайтарымсыз негізде 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде беріледі.

«Қатысушылар – «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар, кәсіпкерлер мен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен, ҚР Салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген тұлғалар.

Грант алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, кеңес алып, барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш беру қажет. Жыл басынан бері 300-ден астам азамат грантқа құжат тапсырып, 64 азамат грантқа ие болды», – дейді ол.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close