Елорда

Құдай қаласа! Елорданы толық газдандыру жақын уақытта аяқталады

Сондай-ақ газбен толық жабдықтау елорданың экологиялық жағдайына да оң серпін бермек.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданы толық газдандыру жұмыстары 2023 жылы аяқталатынын айтты деп жазады newsroom.kz тілшісі.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, биыл Нұр-Сұлтан қаласында Үкімет 317 шақырым газ тарту желісін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұдан өзге өткен жылы елордада жеке сектор бойынша 370 шақырым инженерлік газ тарту желісі тұрғызылған.

Сұхбат барысында қала әкімі қазіргі кезде елорданың Алматы және Сарыарқа аудандарында 645 шақырым газ тарту желісі салынғаны, бұл «Көктал», «Көктал-1», «Көктал-2» және агроқалашық жеке секторлары екенін алға тартты. Бұл аймақтарда 150 мың тұрғын тұрады. «Алматы ауданында: оңтүстік-шығыс – оң жағы, сол жағы, одан әрі Железнодорожный, Күйгенжар, Интернациональный ауылдары өтеді. Бұл елді мекендердің барлығы яғни, жеке сектор жəне тұрғын үй массивтері біздің шет аймақтар деп аталады. Қазір инженерлік желілер белсенді түрде жеткізілуде» деді Алтай Көлгінов.

Әкімнің сөзінше басшылық газға қолжетімділікті қамтамасыз етеді және әрбір үйге газ жеткізу жұмыстарымен де айналысады. Мәселен, биыл Сарыарқа ауданында 500-ден астам адамға газ қосылған.

Сондай-ақ газбен толық жабдықтау елорданың экологиялық жағдайына да оң серпін бермек. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпарынша, қаланы толығымен газбен қамтамасыз ету мемлекет басшысының тікелей бақылауында тұрған маңызды мәселелердің бірі.

 

Жадыра БАҚКЕЛДІ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.