Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5G желісі сынақтан өтуде

0
(0)

Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 5G желісін сынақтан өткізе бастады. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин мәлімдеді деп жазады newsroom.kz.

Министр өзінің Instagram парақшасында астаналықтар мен алматылықтар интернет жылдамдығының ақырындап үдей түскенін байқай алатынын жазды. Сондай-ақ Мусин 5G Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының белгілі бір аумақтарында сынақтан өтіп жатқанын және алғашқы нәтижелердің жаман еместігін де алға тартты.

Бұған дейін цифрлық даму министрі 5G желісіне көшу 2022 жылға дейін рет-ретімен жүзеге асатынын  және республикалық маңызы бар қалаларда жоспарланғанын хабарлаған еді.

Еске салсақ, осы жылдың наурыз айында цифрлық даму, инновация және аэроғарыш вице-министрі Асхат Оразбек 2022 жылдың соңына дейін 5G желісі республикалық маңызы бар қалаларда, ал 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық облыс орталықтарында орнатылатынын мәлімдеген. Ал 2019 жылдың мамыр айында өткен Үкімет отырысында 5G желісін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында іске қосу үшін жыл соңына дейін пилоттық жобаларды іске асыру міндеттелген еді.

5G – байланыстың жаңа буыны болып саналады. 5G технологиялары 4G байланыс желісімен салыстырғанда жоғары жылдамдыққа ие, бұл өз кезегінде мобильді байланыстардың кеңеюіне, device-to-device режимін қолдануға мүмкіндік беріп, интернеттің жылдамдығы секундына 1-2 Гбит құрауы тиіс.

 

Жадыра БАҚКЕЛДІ

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button