Қылмыс/ОқиғаНұр-Сұлтан қаласы

Елордада алаңда ойнап жүрген баланың қолы темірге қысылып қалды

3
(3)

Астанада ойын алаңында ойнап жүрген баланың қолы қысылып қалды. Бұл жайында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Кеше жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кезекті шақырту кезінде кәсіби және мұқият жасаған іс-әрекетінің арқасында баланың қолын аман алып қалды. Ойын алаңында жүрген бала қолына темір зат киіп, сосын қайта сыртқа шығара алмай қалған. Темірдің тесігі өте тар болғандықтан және тесіктер бір-біріне өте жақын орналасқандықтан оны өз бетінше шығару мүмкін болмаған.

«Бірақ құтқарушылардың кәсібі әрі жедел іс-әрекетінің арқасында бір сағатқа жетпей аз уақыт ішінде баланың қолы аман-есен темірден шығарылып, құтқарылды» деп мәлім етті департаменттен.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button