Қылмыс/ОқиғаНұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Cұлтанда такси жүргізушісі өзінің сүйіктісін тонап кетті

1
(1)

 

Нұр-Cұлтанда ірі ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны полицияға жүгінген. Ол жақында  жігітті такси қызметін пайдаланған кезде кездестіргенін айтты.

«Жастар арасында бірден романтикалық қарым-қатынас орнады. Кездесу кезінде жас жігіт жәбірленушінің пәтерінде үш ұялы телефон ұрлаған. Такси жүргізушісі жалпы сомасы 1 миллион 879 мың теңгеге iPhone 12 және Samsung Galaxy A21 маркалы екі телефонды олжалаған», – деп хабарлайды полиция.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button