Нұр-Сұлтан қаласы

Дариға Назарбаева атышулы отставкадан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

0
(0)

Сенаттың бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаева қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дариға Назарбаева «Қазақстан жастарының конгрессі» жастар қауымдастығының мүшелерімен жиналыс өткізді.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева – аталған қоғамдастықтың төрайымы.

4 сағатқа созылған жиналыста сенаттың экс-спикеріне «Қазақстан жастарының конгрессі» тарапынан жүзеге асырылған және 2020 жылға жоспарланған түрлі жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, «Жасыл ел» бағдарламасын одан әрі дамытуға арналған, әлеуметтік «Kasipker ana», «Stud лига» республикалық студенттер қозғалысы, «Qaz Woman» Қазақстанның бастамашыл әйелдер қауымдастығы ұсынған және т.б жобалар қатысушылар таныстырылды.

Еске салайық, мамыр айының басында Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылған болатын. Одан кейін Мәулен Әшімбаев сенат төрағасы болып тағайындалды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close