Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан көшелеріне коронавирусқа қарсы күрескен дәрігерлердің суреті ілінді

0
(0)

Жалпы, қаланың орталық көшелерінен 40-тан астам дәрігердің суретін көруге болады.

Нұр-Сұлтандағы билбордтарда елордалық аурухана дәрігерлерінің суреттері пайда болды. Осылайша, акция бастамашылары дәрігерлерге қажырлы еңбегі мен індетпен күресте өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді,-  деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.

Жалпы, қаланың орталық көшелерінен 40-тан астам дәрігердің суретін көруге болады. Олар – Тұрсын Раида, Дәурен Молдажанов, Марина Макиенко, Ғайса Нұрғалиев, Жазира Нубин және басқалар.

Пандемиямен күресуге 5 мыңға жуық дәрігер тартылған. Бүгінгі таңда біздің дәрігерлердің адалдығы мен кәсібилігін бағаламау мүмкін емес. Бірнеше айдан бері ақ халаттылар коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы қатарда болды. Олар бірнеше апта бойы отбасы мен достарынан жырақта, балаларын, әйелі мен күйеуін, әкесі мен анасын көрмейді.

Сонымен қатар, олар аурудың азабын тартып жатқан отандастарымен күнделікті бетпе-бет келіп, адам өмірі үшін күреседі. Біздің дәрігерлердің жанқияр еңбегінің арқасында көптеген адамдар үйге анасына, әкесіне, әйелі мен күйеуіне қайта оралды. Мемлекет дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалап, барша халық үлкен ризашылық білдіруді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close