Ақтөбе облысы

Өндірісті дамыту маңызды

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысына барды. Хромтау ауданындағы «Акмэз» ЖШС май экстракциялық зауытына арнайы барып, өндіріс ошағының тыныс-тіршілігімен танысты, деп newsroom.kz хабарлайды.

Май өнеркәсібі бүгінде өсімдік майына деген сұраныстың артуына байланысты агроөнеркәсіптік кешеннің неғұрлым перспективалы және тез дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Дайын өнім қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл әлемдегі сатып алушылардың тұтыну қоржынында ерекше орын алады.

Кездесу барысында Жигули Дайрабаев саланы дамыту үшін қолға алынуға тиіс бастамаларға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде аграрлық салада тепе-теңдік жоқ. Кезінде ішкі өңдеуді дамыту үшін шектеулер енгізілген.

«Май экспортына енгізілген кез келген шектеулерді алып тастау керек. Осылайша отандық зауыттардың өндірістік жүктемесі артып, бәсекелестік орнайды.  Сонымен қатар, күнбағыс тұқымдарының экспортын  өндіріс көлемінің 40% деңгейінде белгілеген дұрыс. Бұл шара май зауыттары мен экспорттаушылар арасында ақылға қонымды бәсекелестік құруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді, өйткені кей жағдайларда квоталарды нақты май тұқымы жоқ компаниялар алып, үшінші компаниялар экспортқа жіберген. Өсімдік майы бағасының өсуіне байланысты май өңдеу саласында отандық өндірісті дамыту мәселесі өте өткір тұр», деді Ж.Дайрабаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.