Ақтөбе облысы

Шенеуніктер неге балабақшаға да аяқ киімін шешпей кіреді?

Қазақстандағы шенеуніктер және жоғары қызметтегілер ел ішін, халықтың ортасын аралағанда үйлерге кіріп, тұрғындармен кездесіп, суретке түсіп жатады. Дұрыс-ақ.

Бірақ сол үйге барғанда шұлықтарынан ұяла ма, жоқ әлде аяқ киімдерін киіп-шешуге еріне ме, әлде кез-келген үйге аяқ киіммен кіріп жүре беретін сериалдағыдай елде жүрміз дей ме үнемі аяқ киіммен жүрген фотолары жұрттың ызасын туғызып жатады.

Осындай жайттың бірін белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзінің фейсбук парақшасында жазды. Оқиға Ақтөбе облысында болған. Мәселенің мән-жайын түсінуіңіз үшін аталмыш постты қаз-қалпында беруді жөн көрдік.

«Осы сурет ұнамады… Біріншіден, депутаттар Ақтөбе жұртымен кездесіп, референдумды талқылады деген тақырыпта тұр. Оны Сенат сайты жариялады. Екіншіден, депутаттар аяқ киіммен тұр. Ана кілем төселеген жерде балалар отырып ойнайды. Балабақшада оны сол үшін жаяды. Таза және жұмсақ болсын деп. Үшіншіден, осындай кездесудің қажеті қанша? Балалар саяси нәрселерді қақпайтыны анық. Ал, мекеме ұжымы «қонақ» келеді деп бірнеше күн бойы дайындалады. Әсіресе, тәрбиешілер негізгі жұмысын сырып тастап, осымен ғана шапқылап жүреді. Түсінем, егер Аймағамбетов барса және осы жерде маңызды мәселені шешсе. Ал, бұл кісілер жай келеді, көреді, кетеді. Жалпы депутат келді деп, осындай показуха жасауды қою керек. Ұят қой.  Халық қалаулылары действительно мәселе бар жерге барсын. Халықпен кездессін, жанайқайларын естісін. Сол жерде референдумды да түсіндірсін. Кейін өңірдегі проблеманы Парламентте көтерсін және шешілуін талап етсін. Сонда, норм. Әйпесе, бұндай командировкадан не пайда?» (с) Аслан ҚАЖЕНОВ

 

Не ойладыңыз құрметті оқырман? Дос басыңа дұшпан аяғыңа қарайды – дейді дана қазақ мақалы. Біз өз еліміздің шенеуніктерінің аяғына емес, басына қарағымыз келеді. Бірақ…

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.6 / 5. Бағалар саны: 34

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.