Ақтөбе облысы

«Nur Otan»: Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

5
(1)


Олар ең алдымен электоралдық міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, өзекті бағыттардың қатарында мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштеріне тиянақты қарап, сапалы жұмыс істеуіне, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу сияқты мәселелер бар.
Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бүгін партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен партияның облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында бекітілді. Оңдасын Оразалин кеңестерінің алдында сарапшылар қауымдастығын өзекті әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауға тарту, сондай-ақ азаматтық бастамаларға қолдау көрсету міндеті тұрғанын да атап өтті.

Ақтөбе облысы бойынша 12 өңірлік қоғамдық кеңес құрылды. Бұл Кеңестер азаматтық қоғамның белсенді бөлігіне өзекті тақырыптарды талқылау үшін сарапшылық және диалог алаңын ұсынуы қажет. Сонымен бірге, толыққанды пікір алмасуды қамтамасыз етуге және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құралына айналуға тиіс. Кеңес құрамы жаңартылып, өңірімізде түрлі саяси-қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға белсене атсалысып, үн қосып жүрген жастарға басымдық берілуі тиіс, – деді облыс әкімі.

Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов осындай жұмыстар қалада және аудандарда қолға алынғанын айтты. Тек аудандық деңгейдегі бағыттардың ерекшелігіне байланысты аздаған айырмашылықтар бар.

Мәселен «Аграрлық сектор жөніндегі» кеңестер тек аудандарда ғана құрылады, яғни Ақтөбе қаласында болмайды. Сондай-ақ 2 кеңесті біріктіру арқылы «Әлеуметтік мәселелер жөніндегі» және «Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі» кеңестер құрылады. «Miras» кеңестері аудандарда құрылмайды. Сөйтіп Ақтөбе қаласында 10 кеңес, ал аудандардың әрқайсысында 9 кеңес жұмыс істейді.

Жалпы Бюро отырысында партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының және өңірлік, аумақтық партия филиалдарының есеп беру-сайлау конференцияларының өткізу кестелері бекітіліп, партияның облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясын шақыру туралы мәселелер де қаралды.

Айта кетейік, бастауыш партия ұйымдарының жиналысы 19-23 сәуір аралығында, ал аумақтық филиалдар және облыстық филиал конфренециялары 26 сәуір-15 мамыр аралығында өтеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button