Ақтөбе облысыҚұқық

Ақтөбе іргесіндегі 6 ай бұрын төселген асфальт опырылып жатыр

5
(1)

Алты ай бұрын төселген асфальт ортасына опырылып түсті. Олқылық Ақтөбеде тіркелді. Бірақ көлік құртып, көңілді түсіретін жол сапасы мәселесі барлық аймаққа ортақ. Бұл проблема тіпті Президенттің өзін мазалап, салаға жауаптылар қатаң сынға ілінген болатын. Ал нәтиже қандай? Автомобильмен алаңсыз жүретін күн қашан? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе іргесіндегі Ақшат ауылының тұрғындары «жұлдызымыз», «құндызымыз» деген жолдың қазіргі сиқы – осы. Ауылдықтар алты ай бұрын ғана төселген асфальт опырылып ортасына түседі деп ойламапты. Бәрі  мердігер мен жолды қабылдап алғандардың салғырттығы деп отыр.

Ауылдағы жалғыз тас жол бүлінгелі- қоғамдық автобус та, ауыз су таситын көліктер де бұл көшені сырт айналады. Тұрғындар сұраса, көлігімізді әлсіз асфальттарың көтермейді депті. Қалаға қатынайтындар көлік біткенді амалсыз көрші көшенің бойында күтіп жүр.

Былтыр ғана төселген асфальттың сыр бергенін мердігер компанияның өкілі де мойындады. Бар кінәні өздерінен емес, жер астына жиналып қалған судан көріп отыр. Жалпы 2 шақырым жолды мердігер компания 147 млн теңгеге жөндепті. Кепілдік мерзімі 3 жыл болғандықтан, опырылған асфальтты өз қаражатына жаңамалақшы.

Вусал АХМЕДОВ, мердігер компанияның өкілі

Неге асфальт түсіп кеткеніне келсек, былтыр біздің алдымызда бұл жерге су құбырын жүргізген. Жерді қазғанда астына жиналып қалған. Көріп тұрсыздар ғой, құбыр қойып кеткен жердегі асфальт түк бүлінбеген. Қалған олқылықты бір аптаның ішінде қалпына келтіреміз. Жолдың жиегінен шұңқырлар қазамыз, аққан су сол жерге жиналатын болады».

Жолы шұрық-тесік жалғыз Ақтөбе емес. Әлеуметтік желі әбден тоз-тозы шыққан даңғылдардың видеосына толып кетті. Жылда еріген қармен бірге ағып кететін асфальтты сынағандар легі азаяр емес. Ал мына видео автордың айуынша, Ескелді ауданында түсірілген.

Қай өңірдің болмасын көлік жүргізушілерін жыларман күйге түсірген асфальт жайы мемлекет басшысының да құлағына жетті. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырды. Бұл туралы Туиттерде жазды.

Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр».
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button