Ақтөбе облысы

«Балконнан кірген»: Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікке ілінген 23 жастағы жігіт – Ақтөбе қаласының тұрғыны, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz дереккөзіне сүйене отырып.

Белгілісі ол отбасының танысы емес, бұрын сотталмаған, жұмыс жасайтын жігіт. Полицейлер  бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға балкон арқылы кіріп, қарақшылық жасамақшы болғанын айтты.

Қазіргі уақытта оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып, қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр. Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат таратылуға жатпайды.

Естеріңізге салсақ, 29 наурызда таңертең Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ер баланың мәйіті табылған болатын. Марқұм әйелдің ауыр жарақаттан қансыраған 13 жастағы қызы ауруханаға жеткізілген. Кейін оқушы қызға ота жасалды.

Қыз бала әлі аурухананың жарақат бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық күйде. Есін біледі, бірқалыпты.  Жарақаты да жазылып келеді,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.