Ақтөбе облысы

Ақтөбеде баланың басы балконның темір бағандарына қысылып қалды

0
(0)

Ақтөбеде бүлдіршіннің басы балконның теміріне қысылып қалды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының ТЖ департамент өкілдерінің мәліметінше, оқиға Батыс 2 ықшам ауданында орын алған. Балконда ойнап жүрген балақай темір бағандарға басын сұғып, қайтып шығара алмай қалған. Баланың ата-анасы шарасыздықтан құтқарушыларға хабар беруге мәжбүр болған.

«Оқиға орнына жедел түрде кезекші құтқарушылар, дәрігер мен психолог жетті. Құтқарушы қызметкерлер гидравликалық прессті қолданып темірлерді ажыратып, балаға көмектескен. Оның өміріне төнетін қауіп жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close