Ақтөбе облысы

Қоқыс полигонындағы өрт ырыққа көнер емес

0
(0)

Жалын ырық берер емес. Алматы облысында қоқыс полигонында тұтанған өртті төтеншеліктер екі күннен бері ауыздықтай алмай жатыр. Алматы-Қапшағай тас жолын қою түтін басып, көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Ал жақын мағдағы елдімекен тұрғындары кешелі бері далаға шығудан қалған. Олар тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орынды өзге аумаққа көшіруді талап етуде. МИ-8 тікұшағымен жақын маңдағы суқоймадан 3 тонналық ыдыспен 33 рейс су тасылды. Сонда 99 тонна су құйылса да өшпеген өрттің өршуі қанадй екенін елестете беріңіз, деп хабарлайды Newsroom +  тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Төтеншеліктердің  Іле ауданынның аумағындағы қоқыс полигонында тұтанға тілсіз жаумен алысқанына екі күннің жүзі болды. Алайда қызыл жалын оқтын-оқтын қайта тұтанып, ауыздықтауға мұрша берер емес. Тіпті, желдің екпінімен одагн саййын кұшейіп, бойбермегендіктен тікұшақ жұмылдыруғңа тура келген. Қазіргі таңда өрт сөндіру жұмыстары жерден де, көктен де жүргізілуде.

Қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын бұл полигонының жалпы аумағы 38 гектар екен. Өрт оның 3 гектарын шарпып үлгерген. Пластмасс, резеңке, полиэтилен және тағы басқа дазаттардан бөлінген уытты түтін жақын маңғдағы елді мекен тұрғындарын тұншықтыруда.

Жылдар бойы тау болып үйілген қоқысқа суды тонналап құйсаң да ырыққа көнер емес. Әлі де бықсып жытыр. Егер тілсіз жау мына екінші жағына ойысатын болса, онда өртпен әлі бірнеше күн алысуға тура келеді».

Өртті сөндіруге тікұшақтан бөлек,  Іле аудандық төтенше жағдайлар департаментінің жүзден астам жеке құрамы мен отызға тарта техникасы жұмылдырылған. Бірақ, әзірге тілсіз жау ырыққа көнер емес. Бұған судың тапшылығы да себеп болуда. Арнайы көлікетер әудем жерден тьасып жатқанымен, үлгере алатын емес.

АЗАМАТ ЖҰРТБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «МИ-8 тікұшағымен 33 су тастау жұмыстары атқарылды. Ол жерде 99 тонна су төгілді. Жалпы өрт сөндіруге 130 адам 26 бірлік техника жұмылдырылып отыр. Қазіргі таңда өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда».

Бұл полигонның ашылғанына 10 жылдай болған. Оған екі бірдей компания иелік етеді екен. Бірі – қалдықтарды сұрыптаумен айналысса, екіншісі – жарамсыз қоқыстарды жерге көмумен
шұғылданады. Бірақ, жер тек жалға беріліпті. Әкімдіктің мәліметі бойынша, бұл жерде бұрын- соңды мұндай алапат өрт болмаған. Ал полигонды жабу туралы тұрғындардан шағым түспепті.

БАХТИЯР ТАЛҒАТҰЛЫ, ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Бұл қоқысқа Іле ауданы бойынша ғана әкеп төгіледі. Бізде 10 ауылдық округ бар. 31 елді мекен бар. Бұл жерге артық жеке тұлғалар мусорын төге салайын деген рұқсат жоқ. Тек қана келісімге отырған белгілі компаниялармен жұмыс істейді. Жабу мәселесі мүлде жоқ. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, әкімнің өзі жаңадан кіріскен соң жабу мәселесі қарастырылмаған».

Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде . Сараптама нәтижесі бойынша шара қолданылмақ. Полигоннан шыққан қалың түтіннің кесірінен кеше  «Алматы-Қапшағай» тас жолында жол апаты брлып, бірнеше көлік соқтығысып қалған еді. Алайда, жағдай бүгін тұрақталғандықтан трасса жабылмаған. Жол полицейлері қауіпті учаскені бақылауына алып, қозғалысты реттеуде.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close