Ақтөбе облысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабының мүшелері ақтөбелік жұмысшылармен кездесті

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Ақтөбе облысының тұрғындарымен кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасының басымдықтарын талқылады, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Ақтөбе рельс-Арқалық зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген ел өнеркәсібін дамытуға арналған шаралар талқыланды.

– Ақтөбе облысы – еліміздегі маңызды индустриалды өңір. Еңбексүйгіш ақтөбеліктер облыстың өсіп-өркендеуінің негізі екені сөзсіз. Сіздер әрдайым еліміздегі реформаларды, бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдап келдіңіздер. Сондықтан алдағы Президент сайлауында, ел дамуындағы осындай жауапты кезеңде өңір тұрғындары дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз, – деді республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Іс-шарада штаб мүшелері сайлау алдындағы бағдарламаның өңірлік инфрақұрылымды жақсарту және жұмыс орындарын ашу мәселелеріне арналған бағыттарына назар аударды. Сондай-ақ Орталық стадионда «Ақтөбе» футбол клубының ойыншыларымен кездесу өтті. Онда кандидаттың кәсіби спортты дамытуды және саламатты өмір салтын дәріптеуді көздейтін басымдықтары сөз болды. Штаб мүшелері Қ.Жұбанов атындағы университетте жоғары оқу орнының ғалымдарымен және оқытушы-профессорлар құрамымен де кездесті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.