Ақтөбе облысы

Ақтөбеде Мейрам Қажыкен «СтройДеталь» ЖШС қызметкерлерімен кездесті

Ақтөбеде ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «СтройДеталь» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Айта кетейік, қазірде кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 90% – кәсіподақта.

Кәсіпорын қызметкерлері М.Қажыкеннен партияға қатыстылығы жайында сұрап, Қазақстанның сыртқы саясаты туралы мәселе көтерді.

Бұған дейін президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына барып, Шығыс Қазақстан ауруханасы диагностикалық орталығының қызметкерлерімен кездескенін және «Восток молоко» корпорациясына барғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ кандидат «Каравай» ЖШС және ГЭС ұжымдарымен де кездесті. Ал Ақтөбеде кандидат рельс-арқалық зауыт қызметкерлерімен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.